• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Қыркүйек, 2022

Елордалық ҚХА Қостанайға гуманитарлық көмек жібереді

491 рет
көрсетілді

Елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы Қостанайға гуманитарлық көмек жібереді. 5 қыркүйектен бастап қажетті заттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі (Б.Момышұлы, 24/9) өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау штабын ашты. Гуманитарлық көмек тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, қираған үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады. 

«Біз, Қазақстан халқы ассамблеясы Қостанай облысының тұрғындарына көмектесуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз, жерлестерімізді сауапты істе шет қалмауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырамыз. Біз ортақ игі іске өз үлесімізді қосуға дайынбыз!», делінген елордалық Ассамблеяның хабарламасында.