• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2022

Шымкентте 2 жасар бала терезеден құлап кетті

390 рет
көрсетілді

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен екі жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 4 қыркүйекте кешке болған. 2020 жылы туған бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Сәби балалар ауруханасына жеткізілді.

«Қалалық балалар ауруханасында балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, іш жарақаты деген алдын ала диагноз қойылды. Дәрігерлер ұл баланың жағдайын орташа тұрақты деп бағалап отыр. Сағат 20:45-те дәрігерлер қараған соң, амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді», делінген қалалық ТЖД хабарламасында.