• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 06 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында болған өрттен 15 кәсіпкер зардап шеккен

182 рет
көрсетілді

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаевтың түсіндіруінше, кей бизнесмендердің кәсібі шығынға ұшыраса, қалғаны бизнесінен толық айырылып қалған. 

«Бизнес өкілдерінің жағдайын біліп отырмыз. Өрттен 15 субъектіге зақым келгенін анықтадық. Олардың барлығы шағын бизнес өкілдері. Яғни, олар – кафелер, техникалық қызмет көрсету станциялары, сауда және ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өкілдері. Жиында барлығы өз шығынын айтты. Кейбірі бизнесінен толықтай айырылған», деді Д.Күзенбаев. 

Қазір бизнесмендердің кәсіптеріне келтірген шығын көлемі есептеліп жатыр. Облыс кәсіпкерлері үшін ҰКП сенім телефонын ашты:

+ 7 777 268 47 08

+ 7 777 037 77 78

+ 7 705 153 91 07.