Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президенттер түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды», делінген ресми хабарламада.