• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Қыркүйек, 2022

Елордалық студенттер Президент Жолдауын талқылады

597 рет
көрсетілді

Елордалық студенттер Президенттің биылғы Жолдауындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Жас белсенділердің айтуынша, бағдарламалық құжатты жүзеге асыру барлық қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, белсенді, продюсер Азат Әбікен, жастар ұйымдарының өкілдері мен елордалық ЖОО студенттері қатысты.

Елордалық жастар Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында жариялаған реформаларын талқылады. Студенттер Президенттің цифрландыру, бизнес пен адами капиталды дамытуға қатысты бастамаларына ерекше назар аударды.

«Бірінші қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын отбасымызбен қарап отырдық. Менің жеке назарыма іліккен бірнеше сәттер болды. Мемлекет басшысы медицина мәселелері, шаруашылықты дамыту және зейнеткерлік жасты төмендету сияқты барлық маңызды аспектілерді атап өтті», деді колледж студенті Аружан Түсіпова.

Басқосуда студенттер білім алудың қолжетімділігін ерекше атап өтті. Жоғары оқу орындарында білім алу құны өсетініне байланысты, Президент сараланған гранттарды бөлуді ұсынды. Студенттердің пайымынша, 2-3% жеңілдікпен несие беру және «Ұлттық қор - балаларға» бастамасы жастар мен балалардың жарқын болашағына үлес қосады.

«Жолдауда атап өтілген жаңа Ұлттық қор, балаларға қатысты маңызды жобалар өте ұнады. Менің ойымша, «Жаңа Қазақстан» шынайы. Ол бар», деді белсенді Азат Әбікен.

 

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарғалидің айтуынша, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Ұлттық қор жастар арасында қолдау тапты. Бұл тек жас қазақстандықтар үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін күтпеген бірақ өте жағымды жаңалық болды.

Жас белсенділер ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруді өте маңызды деп санайды. Себебі тек осы бастама ғана екі миллионға жуық қазақстандықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта жастар саяси алаңда өте белсенді. Олар Қазақстанның саясатына, экономикасына, әлеуметтік саясатына қатысады. Жастар негізінен өз еліне қалай көмектесуге болатынын, жағдайды қалай жақсартуға, өз үлесін қалай қосуға болатынын білуге ұмтылады. Соңғы уақытта  мұндай кездесулер жиі өтіп жатыр. Олардың бастамашылары, әрине, жастардың өзі», деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.