KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 473,10 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ресей рублінің орташа бағамы 7,75 теңгеге (+0,01) дейін көтерілді.
Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 67,63 теңгені (-0,30) құрады.
Айырбастау пункттерінде америкалық долларды 473-477 теңгеден, еуроны 469-475 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль 7,2-7,6 теңге.
Сонымен қатар 7 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама төмендеді.
Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 3%-ға төмендеп, барреліне $91,38 құрады.
Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасының электрондық сауда-саттығында қазан айында WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы бір барреліне $85,28 құрады, бұл алдыңғы сессияның қорытынды мәнінен 1,84%-ға төмен.