• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қыркүйек, 2022

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріледі

1382 рет
көрсетілді

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда. 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні деп белгіленеді. Ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып бекітіледі.

Еске сала кетейік, Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

«Республика күні еліміздің мемлекетке деген батыл қадамының нышаны болуы тиіс. Әрине, Тәуелсіздік күні басты ұлттық мереке болып қала береді. Бұл күні тәуелсіздікке қол жеткізуге зор үлес қосқан ұлттық қаһармандарымыз құрметтелуі керек», деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қазақстанда Республика күні 25 қазанда – 1990 жылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күні тойланатын, сондай-ақ демалыс күні болып бекітілетін.  2009 жылдан бастап Республика күні мемлекеттік мереке ретінде аталмай келді.