• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2022

Түркістан әкімдігінің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

367 рет
көрсетілді

Осы жылдың 2 қыркүйегінде Түркістан қалалық соты қала әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз бен сол бөлімнің бас маман-бухгалтері Салтанат Матибаеваға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сот үкімі бойынша Н.Жаманкөзге 73,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, ал С.Матибаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

«Айыпталушылар Түркістан қаласының Отырар шағынауданында сыртқы желілерді төсеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен ЖШС өкілінен 1,1 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаменті таратқан хабарламада.

С.Матибаеваға қатысты сот үкімнің орындалуы ҚР ҚК 74 - бабына сәйкес, кәмелет жасына толмаған балаларының болуына байланысты 5 жылға дейін кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.