• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 08 Қыркүйек, 2022

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр

330 рет
көрсетілді

ANTIKOR Гүлмира Сатыбалдыға және оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

«Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде», делінген хабарламада.

Ведомство жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеденасатынын хабарлады.

Қазіргі уақытта күдікті адамдар күзетпен ұсталуда. Тергеу шаралы жалғасуда.