2022 жылдың 7 қыркүйегінде Түркияның оңтүстігіндегі Мерсин провинциясының Гурнар ауданында орман өрті шығып, тұрғындар эвакуациялануда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрттің тез таралуына байланысты жергілікті билік өртті сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізуде. Гурнар ауданына 11 өрт сөндіру ұшағы, 29 тікұшақ, 138 өрт сөндіру көлігі және 850 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына түрік әскерлері де қатысуда. Түркия үкіметі өртке жақын аумақтағы тұрғындарды алдын ала эвакуациялап, екі мектепке орналастырды.
Ғылымнұр КӘДІРБАЙ