• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қыркүйек, 2022

Англия патшайымы II Елизавета дәрігерлердің бақылауына алынды

755 рет
көрсетілді

Англия патшайымы II Елизаветаның денсаулығында ақау бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz.

Англия патшайымы II Елизаветаны біраз уақыттан бері денсаулығына байланысты мәсеселер алаңдатып келген. Елдің жаңа премьер-министрі Лиз Трасс құттықтауларды қабылдаған кезде де Балморалдағы сарайынан ұзап шыға алмаған патшайымның денсаулығы нашарлап кеткені белгілі болды.

Букингем сарайының мәлімдемесіне сүйенсек, патшайым II Елизаветаның бүгін таңертеңгі тексеруден кейін медициналық бақылауға алынғаны айтылды. 

Елизаветаның ұлы және тақ мұрагері ханзада Чарльз және оның әйелі жедел түрде Балморалға көшу себебі де осы. 

Айта кетсек, Balmoral Castle – Шотландияда орналасқан патшайымның демалыс резиденциясы ретінде белгілі.

 Ғылымнұр КӘДІРБАЙ