Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандар антициклон Скандинавия түбегінің ауданынан ел аумағына ауысып, күздің суық ауа райын қамтамасыз ететінін айтты.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, елдің басым бөлігінде жауын-шашынның ықтималдығы байқалады: елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақтың жаууы болжанады. 10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді», делінген Қазгидромет хабарламасында.