Бас басылым қызметкерлері «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Владимир Курятовқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС ұжымы танымал журналист, басылым бас директорының бірінші орынбасары Владимир Курятовқа ардақты әкесі Геннадий Николаевич Курятовтың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Ардагердің қазақ-славян адами-мәдени байланысына сіңірген еңбегі диаспора өкілдеріне, қалың жұртшылыққа өнеге болсын», деп жазылған көңіл айту хатында.