• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Қыркүйек, 2022

Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

497 рет
көрсетілді

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Айдын Бегімбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдын Қуатжанұлы кәсіби жолын «Корпорация Аркада» ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастады. Алматы қаласы құрылыс басқармасының әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің басшысы болды. Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасының бөлімін басқарды, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар