• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Қыркүйек, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

318 рет
көрсетілді

Қазақстанның солтүстік облыстарында күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек республиканың батысында антициклонның екпіні бар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жалғасады. Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.