• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Қыркүйек, 2022

Ауа райына байланысты 16 облыста ескерту жарияланды

233 рет
көрсетілді

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Абай облысының солтүстігінде найзағай болжамы бар. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік түсуі ықтимал. Көкшетау қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болуы мүмкін.

Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болжанады.

Жетісу облысында түнде Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 19-24, екпіні – 30 м/с және одан аса сақталады. Орталығында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың шығысында 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 18-23 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні – 15-18 м/с.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.