• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қыркүйек, 2022

Қайырымдылықты мұрат еткен фестиваль

208 рет
көрсетілді

Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде «We are the world» атты жастарға арналған музыкалық қайырымдылық фестивалі өтті. Мәдени іс-шара Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында ұйымдастырылды. Жоба ұлттық құндылықтарды қолдау және ілгерілетуді көздейді. Бұл VII съездің бейбітсүйгіштік, татулық пен бірлікті дәріптеу миссиясымен үндес екенін атап өткен жөн.

Іс-шара барысында Сенат Төрағасы, съезд Хатшы­лы­ғы­ның басшысы Мәулен Әшім­баев фестивальды ұйымдас­ты­рушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Сенат Спикері кон­церттік бағдарламаның «We are the world» деп аталуы симво­ликалық мәнге ие екенін айтты. Сон­дай-ақ ол дінаралық және өрке­ниетаралық диалогтың алаң­ына айналған Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлерінің VII съезінің тарихи маңызына тоқ­талды.

«Алдағы съезд бірегей және тарихи маңызға ие. Оған қазіргі таңдағы аса көрнекті діндер ли­дерлері қатысады. Форумда қазіргі жағдайда бейбітшілікті, ынтымақтастықты және диалогты нығайту мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері қазақстандық даму үлгісінің бірегейлігіне және дұрыс құнды­лықтарды дәріптеудегі жастар­дың рөліне назар аударды.

«Қазіргі таңда дүниежүзі біздің елімізді әлемдік қоғам­дас­тықтың белсенді мүшесі ре­тінде таниды. Елімізде 100-ден астам этнос өкілдері тату өмір сүруде. Сондықтан Қазақ­стан бейбітшіліктің мекені деп айтуға толық негіз бар. Бү­гінгі фестивальдың мәнін «Қа­зақ­стандық жастар бейбітшілікті қол­дайды» деген сөзбен сипат­тауға болады. Өнерлі жастарымыз елімізде бейбітшілік пен келісімді әрі қарай дамытуға өз үлестерін қоса береді деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шара барысында Ninety One, Orynkhan, Tamiris, Darkhan Juzz, Qonyratbay fam, MAKVIN, Мархаба Сәби, Drummattack, DJ Puza және тағы басқа отандық әншілер өнер көрсетті.

Айта кеткен жөн, музыкалық фестивальдан түскен қаражат Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендерге кө­мек көрсету үшін ашылған қайырымдылық қорына жібе­рі­леді.