Төтенше жағдайлар министрлігі «CОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:29-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зілзала ошағы Қазақстанның Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 399 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8. Магнитудасы - MPV 4.1. Эпицентр координаттары - 46,20°, солтүстік 79,67° E. Тереңдігі - 20 км.
MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.