• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды

278 рет
көрсетілді

Қостанай облысының Қашар кентінде полиция қызметкерлері заңсыз аң аулады деген күдікпен 2 ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 қыркүйекте Рудный қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері 32 жастағы азаматтың басқаруымен ВАЗ-2110 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік құралының жүксалғышынан қоңыр түсті дақтарымен жануардың тұяқтары бар қап табылды.

«Тексеру барысында Федоров ауданы Владыкин ауылының маңында өзінің танысымен ер адам елікті тіркелмеген қарудан атып өлтіргені анықталды. Олар жануарды бөлшектеп екіге бөліп алған. Ер адамдардың елікті атуға рұқсат құжаттары болған жоқ», деп хабарлады Қостанай облысы ПД ЖПҚБ Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкері Ғазретғали Әлімғазин.

Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.