• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 13 Қыркүйек, 2022

Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы елге қайтарылды

310 рет
көрсетілді

Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіру нәтижесінде елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.

«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович  іздеуде болды. 2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомада ақшалай қаражат ұрлады. 2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды. Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.Осы жылдың 27 тамызында ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Виталий Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар