Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.
Қазір мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бара жатыр.