• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Қыркүйек, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

174 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 3 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыс жел түнде облыс орталығында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз шығыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді.

Түнде Абай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтілуде. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады.

Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырауда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар