Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.Қарсы алу рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Айта кетсек, келіссөз барысында бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.