• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2022

Путин ІІ Елизаветаның жерлеу рәсіміне шақырылмай қалды

303 рет
көрсетілді

Ресей Ұлыбритания патшайымын соңғы сапарға шығарып салуға қатыспайды. Өйткені ел президенті мен Кремль өкілдері патшайыммен қоштасу рәсіміне шақырылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания үкіметінің дереккөздері мұндай қадамды Лондонның Ресей мен оның одақтасы Беларусь елін Украина жеріндегі қақтығыс үшін оқшаулауға деген ұмтылысымен байланыстырып отыр.

Десе де, Владимир Путин бұған дейін ІІ Елизаваның қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, Ұлыбритания патшасы ІІІ Чарльзге құттықтау хатын да жолдаған еді.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның санкциясына ұшырған Мьянма өкілдері де жерлеу рәсіміне шақырылмайды.

Айта кетейік, ресми дерек бойынша 19 қыркүйекте өтетін жерлеу рәсіміне әлем елдерінің 500-ден астам өкілдері шақырылған. Рәсімге АҚШ басшысы Джо Байден, Еуропалық Одақтың ұжымдық органдарының басшылығы және еуропа мемлекеттерінің көшбасшылары қатысады деп күтілуде.

Назерке ДҮКЕНБАЙ