• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2022

Месса рәсімін өткізді

308 рет
көрсетілді

Рим Папасы Франциск EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында Месса рәсімін өткізді. Содан кейін понтифик сөз сөйлеп, Қазақстанға әрі қарай да бауырластық пен түсіністікте өмір сүруді тілеп, өз тарихын қадірлеп-қастерлеуге шақырды.

«Бұл жердің тарихы да түрлі ауыртпалықтан кенде емес. Мен зорлық-зомбылықтың әбжыландары туралы, атеистік қудалаулар туралы, халықтың еркіндігіне қатер төнген тынышсыз жол туралы ойлаймын.

Бізге басымыздан өткерген қайғы-қасіретті есте сақтау пайдалы: өз жадымыздан кейбір беймәлім дүниелерді сызып тастамауымыз керек. Әйтпесе оларды ағып өткен, бірақ кейін кері ақпайтын су деп сеніп қалуымыз мүмкін», деді Рим Папасы.

Оның айтуынша, елді бейбітшілікте ұстап тұру үшін күн сайын соның жолында үздіксіз жұмыс істеу керек.

«Бейбітшілікпен мәңгілікке қамсыздану мүмкін емес. Оны түрлі этностық топтар мен діни дәстүрлердің тіршілік етуі, тұтас­тықта даму және әлеуметтік әділет­тілік сияқты күн сайын шың­дап отыру қажет. Ал Қазақ­стан бауырластық пен диалогта, түсіністікте бұдан да жақсы дамуы үшін өзге халықтармен ынты­мақты әріптестік көпірін орнату үшін жалпыға ортақ күш салу керек», деді Рим Папасы Франциск.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, іс-шара өтетін аумаққа 7 мыңнан аса адам жиналған.