• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қыркүйек, 2022

Жетісу облысында мотоциклдегі жасөспірім жол апатына ұшырады

349 рет
көрсетілді

Жетісу облысында мотоцикл мінген 14 жастағы жасөспірім жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған оқиға 14 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында болған. Алдын ала анықталғандай, 14 жастағы мектеп оқушысы мотоцикл тізгіндеп келе жатып, қосалқы көшеден басты көшеге шығып кеткен. Осы сәтте ол Nissan Maxima көлігімен соқтығысқан. Бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Қазір полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.