Алматыдан 145 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz «CОМЭ» сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:16-да ҚР ТЖМ «СОМЭ» сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 145 шақырым жерде орналасқан», делінген хабарламада.
Зілзаланың энергетикалық класы - 7,2. MPV магнитудасы - 3,4. Тереңдігі - 10 км.
Сезілу туралы ақпарат жоқ.