• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қыркүйек, 2022

ШҚО-да жеті адамға несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

212 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жеті адамға несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зайсан ауданының тұрғындары 2 270 000 теңге тауарлық несие рәсімдеген танысына шара қолдануды сұрап, аудандық полиция бөліміне хабарласқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Зайсан қаласының тұрғынын ұстады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары алаяқтың тағы бес адамды алдағанын анықтады. Бойжеткеннің алаяқтығынан келген жалпы шығын көлемі шамамен 7,4 миллион теңге.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, сондай-ақ оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалдыАталған факті бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.