Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов 13 қыркүйек күнгі ҚР Президентінің қаулысы бойынша тағайындалған Абай облысы сотының жаңа төрағасы - Қайрат Чақпантаевты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайрат Чақпантаев ШҚО облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының экс-төрағасы. Сот жүйесіндегі еңбек өтілі 25 жыл. Оның ішінде аудандық және соған теңестірілген соттардың төрағасы қызметінде - 18 жыл.
Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық және соған теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық соттардың судьялары қатысты.