ҰҚШҰ Бас хатшысы Қырғызстан және Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҰҚШҰ Telegram арнасында хабарлағандай, бүгін ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Қырғызстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Иманқұловпен және Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзодамен қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты телефон арқылы сөйлесті.
«Келіссөздер барысында тараптар қақтығысты тек бейбіт жолмен шешу үшін дереу атысты тоқтату және құзыретті органдар желісі бойынша қалыптасқан жағдай туралы келіссөздер жүргізу қажеттігін айтты», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 14 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды.