• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Қыркүйек, 2022

Елордада жалпықалалық сенбілік өтті

504 рет
көрсетілді

Бүгін елордада «Бірге таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы және «Дүниежүзілік тазалық күні» Дүниежүзілік экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық сенбілік қыс мезгіліне дайындық, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары мақсатында жүргізілді.

Сенбілікке 65 мыңнан астам адам белсенді қатысты, олардың ішінде аудандық әкімдіктер, коммуналдық кәсіпорындар, тұрғындар, студенттер, еріктілер, экобелсенділер, ПИК және МИБ ұжымдары, әскери қызметшілер мен мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ 33 024 кәсіпорындар мен ұйымдар да бар.

Астаналық полигонға 747 тонна қалдық жиналып, шығарылды. Сондай-ақ, жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 1 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Сенбілік аясында Clean City NC ЖШС компаниясы «ҚР МКҚ ардагерлер одағы» РҚБ жанындағы «Жас қалқан» әскери-патриоттық клубына мүше балалардың қатысуымен қалдықтарды бөлек жинауды үгіттеу бойынша ойындар өткізді, кейін алғыс хаттар мен шағын сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетсек, «Бірге таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында әр сенбі сайын 15 қазанға дейін 4 коммуналдық сенбілік өтеді. 

Сондай-ақ, айлық аясында 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.