Қазақстандық балуан Әділ Оспанов осы күндері Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алғашқы жекпе-жекте Оспанов Молдова өкілі Виталий Буничиді 4-1 есебімен жеңді. Турнирдегі екінші матчта қазақстандық былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қырғызстандық Әлібек Осмоновты 6-3 есебімен таң қалдырды. Алайда ширек финалда Оспанов ирандық Рахман Амузадхалилиге 2-13 есебімен есе жіберді.
Ирандық балуан финалға шығып, қазақстандыққа жұбаныш турнирінде таласуға мүмкіндік берді.
Енді Оспанов алдағы жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда турнирдің қола медаліне үміткер бола алады.