• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қыркүйек, 2022

Франциск әлемді бейбітшілікке шақырды

145 рет
көрсетілді

Бұрынғы Кеңес Одағының құра­мын­да болған Қазақстанда әлемдік дін көшбасшыларының съезі өтті. Жиында Рим Папасы Франциск барлық діни жетекшілерге дінді еш­қашан соғыстың зұлымдығын ақтау үшін пайдаланбау керектігін айтты. Конференцияға имамдар, патриархтар, раввиндер мен мүфтилер қатысты.

Съезге Ресейден Патриарх Кирилл қатысуы керек еді, алайда оның орнына Орыс православие шіркеуінің сыртқы байланыстарына жауапты митрополит Антоний келді. Негізі Кирилл Ресей мен Украина қақтығысын Батыспен «метафизикалық шайқас» деп атаған еді.

Ал Рим Папасы Франциск съезде сөйлеген сөзінде Ресейді де, Украинаны да ауызына алған жоқ. Бірақ ол дін көшбасшыларының өздері бейбітшілік мәдениетін насихаттауда жетекшілік ету қажет екенін айтты. «Егер дін жолындағы адамдар бейбітшілікке халықты шақырмаса, онда олардан мұны күтпесін, екіжүзді болмаңдар» деп дін өкілдеріне ескерту жасады.