Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-тің мұнай және шикізат саудасы жөніндегі жаһандық басқарушы директоры Эд Эмерсоннан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта бұл банк «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастық орнатқан.
Сондай-ақ энергетика саласын дамытудың келешегі жөнінде де пікір алмасу болды.