• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 20 Қыркүйек, 2022

Елордада емханаларға тіркелу науқаны өтіп жатыр

341 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындары алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеліп жатыр. Бұл науқан жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азаматтардың жекелеген санаттары тікелей емханаға барып тіркеле алады.

Емханаға тіркелу кезінде egov.kz электрондық үкімет кабинетінде тіркелу жеткілікті. ЭЦҚ болуы қажет емес. Бұл мүмкіндік зейнеткерлерге, балалардың заңды өкілдері мен балалық шақтан мүгедек азаматтардың қамқоршыларына, қорғаншылар немесе қамқоршыларға, патронаттық тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, студенттерге, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, шет мемлекеттерде туған балалар, бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша рәсімдейтіндерге тиесілі.

Таңдалған жаңа емханаға 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек алу үшін жүгінуге болады. Осы жылдың соңына дейін пациенттер бұрынғы МСАК ұйымында медициналық көмек алады.