Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Айдар Садырбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Садырбаев Айдар Серікқазыұлы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған.
Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып, жаңа тағайындауға дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.