• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қыркүйек, 2022

4 қарашада «Атамекен» ҰКП съезі өтеді

471 рет
көрсетілді

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҰКП Төралқасы съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Съезд  2022 жылдың 4 қарашасында өтеді.

Өтетін орны: Астана қаласы Достық көшесі, 16 үй (The Ritz-Carlton, Astana қонақүйі).

Тіркеу: сағат 9.00-10.00

Съезді өткізу формасы: офлайн (шектеу шараларын енгізген жағдайда бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).

Күн тәртібі:

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының өңірлік палаталарын құру; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестерінің сандық құрамын айқындау туралы; ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі: ҚР ҰКП Төралқасының жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау; ҚР ҰКП басқармасының өкілеттік мерзімін бекіту. ҚР ҰКП-ның үш жылдық кезеңге арналған (2023-2025 жж.) индикативтік орта мерзімді бюджетін бекіту; «Аудиторская компания «Учет» ЖШС-ның (Due Diligence қызметтер кешені) ҚР ҰКП қызметіне жүргізген кешенді талдауының қорытындылары; ҚР ҰКП Тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту; Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін сайлау; ҚР ҰКП 2021 жылғы қызметінің қорытындыларына қатысты жыл сайынғы есепті бекіту; «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына ұсынылатын өзгерістерді қоса алғанда, ҚР ҰКП реформалау бойынша ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезі шешімінің орындалу барысы; Әртүрлі мәселе.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы съезд өтетін күнге дейін қатысушылардың атына қосымша жолданады.

Анықтама телефондары: +7(7172) 91-93-90, 1432.