• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 21 Қыркүйек, 2022

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

357 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қытай Халық Банкі Қазақстанда юаньмен өзара есеп айырысуды дамыту мүмкіндігін қарастыратын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған меморандум клиринг және ұлттық валютадағы трансшекаралық есеп айырысуды дамыту мақсатында деректермен алмасу мәселелері бойынша орталық банктердің уағдаластықтарын бекітеді.

«Меморандум жасасу – Қазақстан мен Қытай арасында қаржы саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа қадам. Ол трансшекаралық есеп айырысуларда ұлттық валюталарды неғұрлым кеңінен пайдалануға, сондай-ақ өзара сауда және инвестициялық қызметті дамытуға ықпал етеді», делінген хабарламада.