«Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері бөлімшелерінің арасында жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған жарыс өтіп жатыр. Кеше басталып, 22 мамырға дейін жалғасатын жауынгерлік жарысқа 25 команда қатысуда. Бұл Аэроұтқыр әскерлері және «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлері атынан сынға түстетін 600-ден астам адам. Жыл сайын өткізіліп тұратын шара барысында оған қатысушы әскери қызметшілерге атыс қаруының әр түрінен, жаяу әскер жауынгерлік машинасының қаруынан, танк және артиллерия қару-жарағынан бақылау ату жаттығулары бойынша тапсырмаларды орындауға тура келеді. Алыс қашықтыққа ату жарысы бойынша әскери қызметшілер өздерінің ату қаруын меңгерудегі кәсіби біліктіліктерін дәлелдеуі керек. Жауынгерлік жарыстың экспресс-тестілеу қорытындысы бойынша оған қатысушылардың күштік және төзімділік жаттығуларын орындау бойынша дене дайындық деңгейлері бағаланатын болады. Жарыстың нәтижесін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Ә.Халықов бастаған қазылар алқасы бағалайды. «Егемен-ақпарат».