• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Қыркүйек, 2022

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

237 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ауа райы болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай ауданының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде топырақ бетіне 1 градус үсік түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында төтенше өрт қаупі жалғасады.