Жуырда Алматыда «Қазпошта» қызметкерлері еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Бұл «Біз небәрі 110-120 мың теңге аламыз. Жалақысы 70 мыңнан аспайтындар да бар. Тапқан ақшамыз өмір сүруге, әлбетте, жетпейді» деген бастамашыл топтың негізгі талабы еді. Жуырда Алматыда «Қазпошта» қызметкерлері еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Бұл «Біз небәрі 110-120 мың теңге аламыз. Жалақысы 70 мыңнан аспайтындар да бар. Тапқан ақшамыз өмір сүруге, әлбетте, жетпейді» деген бастамашыл топтың негізгі талабы еді.
Осыған байланысты елордада «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев пен Стратегия және қаржы жөніндегі басқарушы директоры-басқарма мүшесі Азамат Кескінбаев брифинг өткізді. Жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартумен қатар, қызмет көрсету шарттары бойынша кәсіби мереке – Дүниежүзілік пошта және Тәуелсіздік күндеріне орай сыйақы берілуі де талап етілген-ді.
«Өндірістік персоналдың жалақысын арттыру бойынша шешімдер дайындалды. Талаптарды қарау жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылып, хаттаманы зерделеуге кірісті. Комиссия проблемаларды шешу және жүйелі шараларды дайындау мақсатында жұмысын бастады. Жұмысшы топтың құрамына «Қазпоштаның» екі басқарушы директоры, кәсіподақ төрағасы мен бастамашыл топтың екі өкілі кіреді. Аталған комиссия бүгін таңғы сағат 09:00-де жұмысқа кірісті. Екі аптадан кейін жұмыс тобының жұмысын аяқтау қорытындысы бойынша филиал қызметкерлерімен кездесуді жоспарлап отырмыз», деді «Қазпошта» АҚ басшысы.
Сондай-ақ брифингте 2023 жылдың 1 қаңтарынан қызметкерлердің жалақысын индекстеу жоспарланғандығы, биыл 1 сәуірден бастап жұмысы жолда жүргізілетін қызметкерлердің өтемақы мөлшері 0,5-тен 1,0 АЕК-ке дейін өскендігі, толық емес мөлшерлемемен жұмыс істейтін пошташыларға қоғамдық көлікте жүргені үшін өтемақы мөлшері 50%-ға ұлғайтылғандығы және жұмыскерлердің шипажай-курортта емделуіне балалардың сауықтыру лагерьлеріне жолдама сатып алуына қолжетімді жағдай жасалып жатқандығы айтылды. «Қазпошта» өтемелі жұмысқа көшуге көңілі толмайтын қызметкерлерге осылайша қосымша табыс табуға болатынын айтады.
– Өтемелі қызмет көрсету шартымен (ӨҚКШ) жұмыс істейтін қызметкерлерге былтыр «Біздің маман» жобасы іске қосылды. Мұнда пошташылар мен курьерлер жасаған жұмыс көлеміне қарай айлық алады. Осы жобамен жұмыс істегенде мамандарда материалдық қызығушылық пайда болды. Мұндай төлем қағидаты қызметкерлердің табысын арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Кесімді ақы төленетін қызметкерлер саны (жаяу курьерлер) – 911 адам. Жобаға қатысушылардың кейбірі 250 мың теңгеден астам жалақы ала бастады, – деді спикер. 40 мың теңге көлемінде ақыны 0,3 мөлшерлемемен жұмыс істейтін, яғни толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін 4 пошташы алса, 0,3 мөлшерлеме бойынша жұмыс уақыты айына 24 сағатты құрайды.
Брифинг соңында бұған дейін кейбір әлеуметтік желілерде жарияланған жалақы мөлшері туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігі және қызметкерлер талабы әрқашан қараусыз қалмайтындығы айтылды.