• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2014

Гауһардың самырсын күбісі

483 рет
көрсетілді

Биыл «Жұмыспен қамту-2020 жол кар­тасы» бағдарламасының ауылдағы кәсіп­кер­лікті дамыту жөніндегі екінші бағыты бойынша несие алуға төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жан өтініш берді. Солардың бірі – Жәнібек ауылының тұр­ғыны Гауһар Өтегенова. Ол былтыр Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан өз қаржысына «Кедровая бочка» (самырсын күбі) алдырып, шағын сауна арқылы үйінен емдеу қызметін көрсетіп келген болатын. Бұл – емдеу-сауықтыру бағытында ауданда бұрын-соңды болмаған тың кәсіп. Гауһардың күбісі көлемі ықшам, тек бір адамның түсуіне арналған. Самырсын күбіге түскен жанның ағзасы тазарып, шаршағаны басылады, жүйке және қан-тамырлары жүйесін қалпына келтіріп, нығайтуға көмектеседі. Орыс моншасының барлық құндылығымен берік байланысқан самырсын күбінің (фитобочка) адам ағзасына бұдан басқа да пайдалы жағы көп. Гауһар бастаған кәсібінің тиімділігі мен табысын арттыру мақсатында жуырда аудан орталығындағы М.Ықсанов атындағы көшеден бір ғимаратты жалға алып, самырсын күбісін осында орналастырыпты. – Биыл бағдарламаға сәйкес 1 миллион теңге несие аламын. Бұл қаржыға оң-түстіккореялық сылап, уқалап емдеуге (массаж) арналған кереует пен үстел сатып алып, кәсібімді одан әрі жетілдірмекпін, – дейді кәсіпкер өз сөзінде. Нұрымбек ЖАПАҚОВ. Батыс Қазақстан облысы.