Агенттік басшылығымен жүздесу барысында журналистиканың қазіргі жай-күйі туралы сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дархан Қуандықұлы «QazContent» құрамындағы ақпараттық және танымдық сайттардың контент жасаудағы мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысында портал басшылары министрге ұйымның алдағы даму жоспарлары бойынша бірқатар ұсыныс-тілегін жеткізді.