Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Мец қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
1/8 финалдық кездесуде қазақстандық теннисші фин спортшысы Эмиль Руусувуоримен (әлемнің 51-ракеткасы) ойнады. Екі сағат 14 минутқа созылған кездесу үш сетте 6:7, 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.
Ойын барысында қазақстандық тиннисші 13 эйс жасап, алты ұпаймен қатарынан үш ойында жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық қазіргі уақытта ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік бірыңғай рейтингінде 44-орында және осы турнирде жетінші орынға табан тіреді.