• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Теннис 24 Қыркүйек, 2022

Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

225 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті. Бірінші партияда Бублик 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды. Есеп – 7:5. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті. Есеп – 6:4.

Александр финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі.