Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйек күні сағат 22:20 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция түрлі жарақаттармен ауруханаға тағы 4 зардап шегуші жатқызылғанын айтты. Олар: «Toyota Camry 30» көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы, «Toyota Camry 55» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі және оның 1988 және 1976 жылдары туған екі жолаушысы.Оқиғаға қатысты сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.