• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қыркүйек, 2022

Парламентаралық Ассамблея жұмысына қатысты

176 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Сергей Карплюк, Бақыт­жан Жұмағұлов ТМД Парламентаралық Ассамблеясы отырыстарының жұмысына қатысты.

Сұлтанбек Мәкежанов ТМД ПАА-ның Мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі бас­қару тәжірибесін зерделеу жөнін­дегі тұрақты комиссиясының отырысында басқа елдердің пар­ламент­шілерімен бірлесе отырып жергілікті деңгейде эко­ло­гиялық саясатты іске асыру, дағ­дарысқа қарсы реттеудің заң­на­малық тәжірибесін, мем­лекет-жекешелік әріптестік те­тік­теріне байланыс­ты және басқа да мәселелерді талқылады.

Сергей Карплюк ТМД Пар­ламентаралық Ассамб­леясы­ның бақылау-бюджеттік комис­сия­сының отырысында әріп­тес­терімен бірге ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің 2023 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы заңдарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі бірқатар мәселелені талқылады.

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов ТМД ПАА-ның Ғылым және білім жөніндегі тұрақты комис­сиясының отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге ар­налған үлгі ақпараттық кодекстің жаңа редакциясының жобасын, «Ғылыми және ғылыми-техни­калық қызмет субъектілерін мем­л­екеттік аттестаттау туралы» және «Ғылыми және ғылыми-техни­калық сараптама туралы» үлгі заңдардың мәселелерін талқылады.