АСТАНА. 18 мамыр. Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде ауа-райы бұлтты, жаңбырлы және желді болады. Апта басында солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста ауа температурасының жылылығы түнде 3-13-ке дейін, күндіз 10-15-ке дейін төмендейді. Батыста түнгі температура айтарлықтай төмендей қоймайды. Ал күндіз ыстық болады, яғни, температура 22-27 градустан 33-ке дейін көтеріледі. 19 мамырда республиканың тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен өткінші жаңбыр болып, жел 15-20 м/с.-ке дейін күшейеді. Түнгі температура +13-20 градус шамасында, ал күндіз температура +25-33 градус болады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «Қазгидромет».
Фото: goodfon.ru.