Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1997 – 1998 жылдар аралығында Индер ауданы Есбол ауылы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім;
1998 – 1999 жылдар аралығында Ақтау қаласы №17 орта мектепте мұғалім;
2000 – 2001 жылдар аралығында Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім;
2001 – 2003 жылдар аралығында Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2003 – 2004 жылдар аралығында Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде уақытша бас маман;
2004 - 2005 жылдар аралығында Индер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бас маман;
2005 – 2008 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман;
2008 – 2009 жылдар аралығында Индер аудандық ішкі саясат бөлімінде бөлім басшысы;
2009 – 2010 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім басшысы;
2010 – 2011 жылдар аралығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім бастығының орынбасары;
2011 – 2012 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінде бөлім меңгерушісі;
2012 – 2013 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінде бөлім меңгерушісі;
2013 – 2017 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінде бөлім басшысы;
2017 – 2021 жылдар аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2021 жылдан бастап Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.