АСТАНА. 19 мамыр. Түркия полициясы 13 мамырда Сома қаласы маңындағы көмір шахтасында орын алған апатқа байланысты 18 адамды тұтқынға алды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Қамауға алғандардың арасында шахтаның қожайындары да бар көрінеді. Ұсталғандардың барлығына қызметіне салғырт қараған деген айып тағылуда. Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Түркияның Сома қаласы маңындағы көмір шахтасында жарылыс болған. Ресми деректерге қарағанда, іздеу жұмыстары нәтижесінде 485 жұмысшы құтқарылған. Ал апат салдарынан 301 адам қаза болған. Бұл апаттан кейін Түркияның көптеген қалаларында қарсылық акциясы өтті. Оған қатысушылар ел үкіметін кеншілердің қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмауда деп айыптады. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Polit.ru.
•
19 Мамыр, 2014
Түркия шахтасындағы апатқа байланысты 18 адам қамауға алынды
280 рет
көрсетілді